Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте мобильді топ өкілдерімен рейд жалғасуда

Шымкентте мобильді топ өкілдерімен рейд жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасы қызметкерлері мен аудандық әкімдік өкілдерінен жасақталған мобильді топ өкілдері рейдітік іс-шараларды жалғастыруда. Кезекті шара барысында қаулы талаптарын өрескел бұзған кәсіпкерлік нысандар анықталды.26 қараша күні Ерімбетов көшесінде орналасқан “Тараз” кафесінде құдайы тамақ ұйымдастырылған. Жиынға 40-қа жуық адам жиналған. Сондай-ақ, Ж.Аймауытов көшесінде ораналасқан “Чинар” дәмханасы сағат 23:29 шамасында карантин талаптарын сақтамай, жұмыс істеп жатқаны анықталды. Аталған екі жайт бойынша нысан иелерінен түсініктеме алынып, заң аясында шара көру үшін жинақталған іс-құжат Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру