Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 111 дерегі анықталды

Қызылордада “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасының бір күнінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 111 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қаңтар айының 20-22 күндері аралығында “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның бір күнінде қоғамдық көлік жүргізушілері жол берген жол қозғалысы ережелерін бұзудың 111 дерегі анықталды.

Оның ішінде жолаушыларды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың жеті дерегі, Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаудың рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бұзудың екі дерегі, көлік құралын заңсыз қайта жабдықтаудың сегіз дерегі, рейс алдындағы міндетті тексеруден өтпеудің бес дерегі бар. Сондай-ақ қозғалыс кезінде ұялы телефон пайдаланған 19 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, белгіленген жылдамдықты асырған үш жүргізуші, маневр жасау ережесін бұзған 16 жүргізуші, ҚР міндетті сақтандыру заңнамасын бұзған алты жүргізуші анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, Жаңақорған кентінің 1975 жылы туған тұрғыны спирттік ішімдік ішіп, мас күйінде өзіне тиесілі “Mercedes Benz” маркалы автокөлігін басқарып, кенттің көшелерінің бірінде бір бағытта кетіп бара жатқан “Toyota Camry” маркалы автокөлігіне соғып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Кінәлі жүргізуші аудандық соттың қаулысымен үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Алайда, оған қарамастан бұл жүргізушінің Жаңақорған кентінде жолаушылар тасымалдаумен айналысқаны анықталды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру