Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұмыс берушісінің әшекейлерін қолды еткен қызылордалық азаматша әшкереленді

Қызылордада үй қызметшісі жұмыс берушісінің алтын бұйымдарын ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 ақпан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 1994 жылы туған қала тұрғыны арызданды. Арызданушының айтуы бойынша, үй қызметшісі болып жұмыс істейтін азаматша жатын бөлмесіндегі сөмкесінің ішінен алтын сағат пен жүзігін қолды еткен. Келтірілген материалдық шығын 150 мың теңге. Жәбірленуші күдікті әйелдің ұрлыққа икемі барын бірнеше рет байқағандығын айтты.

Полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1964 жылы туған күдікті әйел ұсталды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру