Маңғыстау полицейлері “Anti fraud” ЖПІШ барысында алаяқтықтың жолын кесті
Маңғыстау полицейлері “Anti fraud” ЖПІШ барысында зейнетақы қорындағы қаражатты шығарып беруге көмектесемін деген алаяқтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысының тұрғындары зейнетақы қорында жиналған қаржыны шешіп беремін деп уәде етіп, кейін сөзінде тұрмай, алдап кеткен алаяқ әйелге қатысты полицияға арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, алаяқ олардың сеніміне кіру арқылы жалпы көлемде 1 млн теңгеден астам қаражат алған.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен “Anti fraud” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 43 жастағы күдікті әйелдің жеке басы анықталып, ұсталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.
Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.