Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе аумағында «Есеп» ЖПІШ өткізілді

10-14 ақпан аралығында Ақтөбе қаласы аумағында «Есеп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-профилактикалық іс-шара басталғаннан бері тұрғылықты жері бойынша профилактикалық есепте тұрған тұлғалар тексерілді, оның ішінде әкімшілік қадағалаудағылар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, қорғау нұсқамасы шығарылғандар, формальды түрде әкімшілік қадағалауға алынғандар, алкогольді асыра пайдаланатын адамдар және қолайсыз отбасылар.

Тексеріс кезінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандармен 8 заң бұзушылық анықталды, сот құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар қойылғаны тұлғалармен 3 бұзушылық, қорғау нұсқамасы шығарылғандармен 25 бұзушылық анықталды.

Сонымен қатар, отбасы тұрмыстық қарым-қатынасты бұзғандар қарсы 108 қорғау нұсқамасы шығарылды, 90 тұлғаға қатысты сотпен құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар қойылды. Соттың шешімін орындамағаны үшін, сотқа әкімшілік қадағалау орнату үшін 11 материал және 3 тұлғаға қатысты шартты түрде бас бостандығынан айыру орындарына қайтару үшін ұсыныс жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру