Шымкентте алаяқ ойын құрылғысын бір күнге жалға алып, ломбардқа өткізген
Шымкентте алаяқ PlayStation 5 ойын құрылғысын бір күнге жалға алып, ломбардқа өткізген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2023 жылдың 18-ақпанында, Әл-Фараби АПБ-ға жергілікті жердің тұрғыны шағымданған. Ол арызында, бейтаныс тұлға өзіне тиесілі PlayStion 5 ойын қондырғысын бір күнге жалға алып, алайда тәулік өткеннен кейін, затты қайтармай не оның құнын төлемей алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі – 400 мың теңге.
Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматты тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Жұмыссыз, бұрын-соңды сотты болмаған.
Тергеу кезінде белгілі болғандай, күдікті азамат аталған ойын құрылғысын ломбардқа өткізіп жіберген. Түскен қаржыны толықтай бас пайдасына жаратып үлгерген. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.