Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейлік полицейлер такси жүргізушісін алдаған алаяқты құрықтады

Семейлік полицейлер такси жүргізушісін алдаған алаяқты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында алаяқтықтың жаңа түрі тіркелді. Aparu, Яндекс Go және InDrive сияқты жолаушылар тасымалының мобильді қосымшаларының көмегімен адамдарды құрыққа түсіріп, мемлекеттік мекемелерге тапсырыс беріп, жолда дүкенге тауар сатып алуды және теңгерімді толтыруды өтініп, мекенжайға келген соң есептесемін деп уәде береді. Алайда, қаражат абоненттік нөмірдің теңгеріміне түскен соң, алаяқ байланысқа шығуды тоқтатады.

Семей қаласында өткен аптада алаяқтықтың осы түрінің 2 дерегі тіркелді. Жалпы залал сомасы 35 500 теңгені құрады.

Облыс орталығының 37 жастағы тұрғынына Aparu таксиінің мобильдік қосымшасы арқылы өтінім келіп түскен. «Клиент» тасымалдаушыға хабарласып, абонеттік нөмірін 18 мың теңге сомасына толтыруды сұрап, ақшалай қаражатты тапсырыс орындалғаннан кейін төлеймін деп уәде берген. Алайда, жәбірленуші тапсырыс берушінің өтінішін орындап қаражат шотқа түскен соң, телефонын сөндіріп тастаған.

Anti-fraud ЖПІШ өткізу барысында Семей қаласы ПБ Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері осы қылмысты жасаған облыс орталығының 24 жастағы тұрғынын анықтап, қолға түсірді.

Қазіргі уақытта аталған деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аталған баптың санкциясымен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Екінші дерек бойынша күдіктіні анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасып жатыр.

Абай облысы полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру