Қостанайда полицейлер мен банк өкілдері интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл шараларын талқылады
Қостанай полицейлері өңірдегі интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін бірқатар бастамалар көтерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбековтың төрағалығымен құқық қорғау органдары мен екінші деңгейдегі банктердің өкілдерімен бірлескен отырыста осындай қылмыстардың санын азайтуға көмектесетін ұсыныстар қаралды.
Қостанай облысының аумағында интернет-алаяқтық желісі бойынша қылмыстарды тіркеудің өсуі байқалады. Мәселен, 5 жыл ішінде алаяқтыққа қатысты қылмыс 3,5 есеге өскен.
Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Дүйсембай Байбосыновтың айтуынша, жәбірленушілердің басым бөлігі зейнет жасындағы немесе зейнеткерлікке шығайын деп жатқан адамдар. Оның себебі – интернет желісіндегі алаяқтық түрлері туралы ақпараттың жеткіліксіздігі.
– Алаяқтық қылмысының өсуімен қатар шығын көлемі де артып барады. Тек 4 айдың ішінде қостанайлықтар алаяқтарға 730 млн теңгеден астам қаражат аударған. Ұрланған ақшаның 70%-дан астамы басқа елдерге крипто әмияндардың көмегімен аударымдар арқылы шығарылған, – деп атап өтті ол.
Кеңесте екінші деңгейдегі банктер мен полицияның бірлескен іс-қимылдары алдын алу мәселелерінде де, қылмыстарды ашу бағытында да тиімді болуы мүмкін.
Ерлан Омарбеков интернет-алаяқтықтарды тіркеудің тоқтаусыз өсуіне байланысты алаяқтық әрекеттердің салдарынан зардап шеккен азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін Қостанай облысы ПД базасында «CyberPol» пилоттық жобасы құрылғанын атап өтті.
– Жоба аясында полиция қызметкерлері екінші деңгейдегі банктермен тікелей жұмыс істейтін болады. Бұл жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге дереу кірісуге мүмкіндік береді.Тергеу бүкіл шоттар тізбегін бұғаттауға мүмкіндік алады, бұл қылмыскерлерге ұрланған ақшаны алу үшін арналарды іздеуді қиындатады, – деп атап өтті ол.
Кеңес қорытындысы бойынша, банк өкілдері азаматтардың мүдделерін қорғау үшін бірлескен ынтымақтастықтың маңыздылығын айтты. Белгіленген жоспарларды іске асыру үшін екінші деңгейдегі банктер мен полицейлер арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылады.