Қостанай облысы ПД музейінде бірегей экспонаттар бар
Музейдің бүгінгі жәдігерлері жаңа кезеңді, жаңа дәуірді Қостанай милициясы-полициясының өткен және қазіргі тарихын мәңгі есте сақтау керектігінің дәлелі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Милиция даңқы» музейі Қостанай милициясы ардагерлерінің бастамасымен құрылды. 1970 жылғы 29 қаңтарда №40 бұйрығымен Қостанай облысы ІІБ бастығы милиция генерал-майоры В.М.Васильев бекітілді.
Музей ауданы 400 шаршы метр. Қазіргі уақытта ПД музейінде негізгі және қосалқы қорларды сақтаудың төрт мыңнан астам бірлігі бар. Олар үнемі заманауи құжаттармен және экспонаттармен толықтырылып отырады. Қостанай милициясы-полициясының қызметінде елеулі із қалдырған адамдар туралы барлық жаңа материалдар қойылған.
Құжаттарды, экспонаттар мен материалдарды жинау бойынша үлкен жұмысты милиция ардагерлері Ф.И.Мирошниченко, П.Г.Шандецкий, А.Г.Савченко, В.А.Серов, Ф.И.Здорик және қоғам белсенділері жүргізді.
Музейде атыс қаруы мен суық қарудың үлгілері ұсынылған. Әсіресе, өткен жылдардағы полицейлердің фотосуреттерімен, құжаттарымен, жеке заттарымен ұсынылған Қостанай уездік милициясының қалыптасу стендтері ерекше.
Қостанай облысы полиция департаментінің музейінде қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан қызметкерлердің есімдері мәңгі сақталған. «Кеңес Одағының Батырларына», «Интернационалист жауынгерлерге», сондай-ақ өмірінде үлкен биіктерге жеткен полиция қызметкерлеріне арналған «Біз олармен мақтанамыз» атты жеке стендтер қойылған.
Музей жұмысының негізгі нысаны: «Әрқашан күзетте, әрқашан постта», «Қостанай полициясы құқық тәртібі мен заңдылықты күзетуде», сондай-ақ «Парыз және Ар-намыс адамдары» тақырыптық экскурсиялары.
Мұражайға жыл сайын 5000-нан астам адам келеді.
Қостанай облысы полиция департаментінің мұражайында халықпен және оқушы жастармен кездесулер өткізуге мүмкіндік беретін жылжымалы көрме ұйымдастырылып тұрады.