Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер мен еріктілер есірткі жарнамасын жою бойынша науқан өткізді

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері еріктілермен және «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорының өкілдерімен бірлесіп, есірткі жарнамасы бар граффити суреттер мен жазуларды бояу бойынша науқан өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі сатушылар сатудың барлық жаңа тәсілдерін, соның ішінде жарнамасы бар жазуларды, есірткіні делдалдарсыз сатып алуды ойлап тауып жатыр.

Бірнеше сағат ішінде 80-ге жуық еріктілер 100-ден астам жазба мен 30-дан астам граффити бояды. Мұндай науқан өңірлік сипатқа ие болды, оны облыстың қалалары мен аудандарында қолдады, сондай-ақ ол «Нашақорлыққа қарсы күрес» айлығы аясында өтті.

– Облыс орталығында бұл жыл басынан бергі алтыншы акция, оған облыстың есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің еріктілері мен қызметкерлері қатысты. Қала тұрғындарының арқасында белсенді жұмыс жүргізіліп келеді. Біздің азаматтар бұл мәселеге бей-жай қарамайды. Біз осындай жазулар туралы хабарламаларды алғаннан кейін, дереу шығып, оларды жоямыз, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД ЕҚҚІҚБ инспекторы Айгүл Ерәділова.

Полиция кезекті рет халықтың назарын нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес тақырыбына аударып жатыр.

Бояу кезінде еріктілердің бірі Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенті Райхан Мұхаметқалиева есірткінің зияны туралы өлең шығарып үлгерді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру