Павлодарлық полицейлер профилактикалық бақылауда тұрған 50-ге жуық отбасын тексерді
Павлодарлық полицейлер профилактикалық бақылауда тұрған 50-ге жуық отбасын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласының ішкі істер органдарының профилактикалық бақылауында тұрған 50-ге жуық отбасын ювеналды полиция қызметкерлері тексерді.
Тұрғылықты жеріне бару сияқты алдын алу шарасын жүргізіледі. Қызметкерлер кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бөлігінде ҚР заңнамаларын түсіндіріп, заңды өкілдер тарапынан заң бұзушылықтардың жолын кеседі.
Егер ата-ана баланы тәрбиелеумен дұрыс айналыспаса, оған қалыпты жағдай жасамаса, жасөспірім өз-өзімен болса, оқымаса, полицияға шақыртылса немесе көршілерден, мұғалімдерден шағымдар түссе, онда біз ата-аналарды ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартамыз, олардың тәртібін кәмелетке толмағандардың істері және қорғау жөніндегі комиссияда олардың құқықтарын қарастырамыз.
– Егер ата-ана бақылауға алғаннан кейін тиісті қорытынды жасаса, түзелсе, жұмысқа орналасып, үйде тәртіп болса, бала білім алса және шағымдар болмаса, онда біз мұндай отбасын бақылаудан алып тастаймыз, – дейді Павлодар қаласы ПБ аға инспекторы Руслан Сүлейменов.
Осы жылы тек Павлодар қаласы бойынша ғана балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 72 заңды өкіл жауапкершілікке тартылды. 95-ке жуық заңды өкіл ата-ана құқықтарынан айырылған және шектелген.
– Мұндай жазаны қабылдау – бұл мәжбүрлі шара. Өйткені бала мемлекеттік мекемеде бекітіледі, онда ол қарны тоқ, көйлегі көк, жылы, білім алады және қажет нәрсенің бәрі болады, әрине, мұның бәрін туған үйімен, отбасымен, ата-анасымен, бауырларымен салыстыруға болмайды. Белгілі бір уақыттан кейін заңды өкілдің бәрін түзетуге мүмкіндігі бар, содан кейін баланың ата-анасына қайтарылуы мүмкін, – деп атап өтті полиция қызметкерлері,
Отбасындағы жағдайды жақсарту мақсатында ювеналды полиция инспекторлары ата-аналарымен профилактикалық сипаттағы жүйелі әңгімелер өткізеді. Өйткені, әр қызметкер әр баланың өз отбасы болғанын қалайды.