Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ер адам зейнеткердің сейфінен 3,5 млн теңге ұрлап кеткен

ШҚО-да ер адам зейнеткердің сейфінен 3,5 млн теңге ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шілде айының ортасында Глубокое ауданының полиция бөліміне 72 жастағы Предгорное ауылының тұрғыны жүгінді. Ер адам сол күні үйде отырып, еркін қол жеткізу арқылы жатын бөлмесінде тұрған сейфтің кодтық құлпын бұзып, онда сақталған 3,5 млн теңге ұрлап кеткен танысын қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 34 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру