Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

27 ата-ана жауапқа тартылды

Төтенше жағдай режимін бұзған 27 ата-ана жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елдегі төтенше жағдай және Павлодар облысында карантиннің енгізілуі КВИ-дің таралуын болдырмау, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция үнемі карантиндік аймақты күзетеді.
Күн сайын облыстың ювеналды полициясының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізіп, карантиндік учаскелерін күзетіп, аймақ тұрғындарына өзін-өзі оқшаулау ережелерін сақтау туралы түсіндіреді.
Карантиндік режимді бұзғаны үшін рейдтік іс-шаралар кезінде балалары заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде болған 27 ата-ана Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақсу қалалық мәдениет саябағында 6-13 жас аралығындағы төрт бала ата-анасыз жүрді. Карантин кезеңінде заңды өкілдерісіз үйден тыс жерде болғаны үшін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылады (ӘҚтҚРК476-бабының 6-бөлімі).
Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде ювеналды полиция қызметкерлері 60 ата-ананы балаларды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты – ӘҚтҚРК 127-бабы.
Сонымен, рейдтер барысында тәртіп сақшылары алкогольді ішімдікке салынып, 4 және 6 жастағы екі баланы дұрыс тәрбиелемейтін 38 жастағы қала әйелін анықтады. Қала тұрғыны ӘҚтҚРК 127-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылады. Материал сотқа жіберілді. Сонымен қатар, ананың әрекеті кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның отырысында қарастырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру