Нұр-Сұлтанда полицейлер бір түннің ішінде төрт мас жүргізушіні ұстады
Елордада 5-11 желтоқсан аралығында «Құқықтық тәртіп» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түнгі уақытта полиция қызметкерлерімен төрт масаң күйдегі жүргізуші ұсталды.
Іс-шара басталғалы бері мас күйінде көлік жүргізген 10 жүргізуші, бұрын басқару құқығынан айырылған бір жүргізуші ұсталды. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 50-ден астам жүргізуші анықталды.
Одан өзге 1800-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды: 200-ге жуығы ұсақ бұзақылық, 124-і тыныштықты бұзу фактілері. Мас күйінде қоғамдық орындарға шыққаны немесе ішкені үшін 265 азамат ұсталды. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 17 заңсыз іс-әрекет анықталды, қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 10 отбасылық жанжалқой ұсталды.