Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысқан 6 сотталған жолдама алды

Ақтөбеде бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысқан алты сотталған жолдама алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметкерлері есепке алынған сотталғандардың қайта қылмысқа бармауы үшін оларды жұмысқа орналастыруды басты назарда ұстайды. Бұл орайда Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметі аудандық жұмыспен қамту орталығында өткен «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне» пробация есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандарды қатыстырды.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыс іздеп келгендерге жергілікті жердегі ірі кәсіпорындар: жүк тасушы, слесарь, оператор, сумен қамтамасыз ету қызметіне жөндеуші слесарі, техник- контролер секілді бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде, жұмыс іздеген есепте тұрған 6 сотталғанның біреуі квота бойынша Коммуналдық мекемеге жұмысқа тұруға жолдама алса, бес сотталғанға өз кәсіптерін ашу үшін «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша білім алуға жолдама берілді.

 – Пробация қызметі есепте тұрған сотталғандардың қайта қылмысқа бармауы үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметтік-құқықтық, заңгерлік, медициналық, психологиялық және т.б. көмектерді көрсетеді. Яғни, бұл бойынша аудандық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімдерімен сотталғандарды жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік оқулар мен қысқа мерзімдік оқуларға жіберу секілді жұмыстарды атқарып келеміз. Жалпы, Мұғалжар ауданы әкімінің қаулысымен биылғы жылға 21 есепте тұрған сотталғанды квотамен жұмысқа орналастыру бойынша жоспар бекітілді. Осыған сәйкес жыл бойына тиісті жұмыстар атқарылатын болады, – дейді Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметінің бастығы Гүлсезім Ешмагамбетова.

Айта кету керек, өткен жылы Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметінің есебіде тұрған 15 сотталған тұрақты жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 12 сотталған квота бойынша және 6 сотталған «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша білім алған болса, төрт сотталған қайтарымсыз грант ұтып, өз кәсіптерін ашып, жалғастыруда

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру