Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде есептегі сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсеткен нәзік жандыларды мерекемен құттықтады

Ақтөбеде есептегі сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсеткен нәзік жандыларды мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің бастығы Азат Төлегеновтың басшылығымен, аталған пробация қызметінің ұжымы өңірдегі “More life” қоғамдық қорының басшысы Бибигүл Жулинаны және Ақтөбе қаласының Астана ауданы әкімдігінің маманы Назгүл Гимранованы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Бұл азаматшалардың пробация есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуде мол үлестерін қосып келетінін тілге тиек еткен Азат Төлегенов, нәзік жандылардың деніне саулық, көңілдеріне шаттық, отбасыларына құт- береке тілеп, гүл шоқтарын сыйлады.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің бастығы пробация есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету – оларды қоғамға бейімдеуде және қылмыстың алдын алуда зор маңызға ие екендігін және алдағы күндері де осындай әріптестіктегі іс-шаралардың жиі атқарылатынын баса айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру