Шымкентте бұрын сотты болған ер адам ұрлық жасаған
Шымкентте бұрын сотты болған ер адам ұрлық жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз тұлға түнгі сағат 22:00 шамасында сырты толық қоршалған үйінің ауласына заңсыз кірген. Осылайша, азамат жалпы құны 150 мың теңгені құрайтын автокөлік моторының бөлшектерін қоларбаға салып, жымқырып бара жатқан. Ұрлықтың үстінен түскен үй иесі бірден ұрыға ұмтылып, полицияның 102 арнасына жүгінген.
Хабарды алған тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Ұсталған азаматтың жеке басын анықтап, басқармаға жеткізді. Ол 34 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, тергеу барысында анықталғандай, ұсталған ер адам бұрын бірнеше рет сотты болған. Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.