Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлерге жаңа үлгіде жабдықталған 100 планшет табысталды

Атыраулық полицейлерге жаңа үлгіде жабдықталған 100 планшет табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” мобильді қосымшасы іске қосылып, тәртіп сақшылары жаңа үлгідегі 100 планшетпен жабдықталды. Ішкі істер министрінің тапсырмасымен әзірленген “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” мобильді қосымшасы – жол ережесін тиімді бақылауға, жазаны бұлтартпау қағидатын сақтауға арналған автоматты жүйе.

Бүгінде облыс жолдарында шамамен 1224 автоматты камера орнатылған, олардың 51-і қиылыстарда және 153-і желілік учаскелерде орналасқан. Олардың көмегімен жыл сайын 120 мыңға жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе жолдарда анықталған барлық бұзушылықтардың шамамен 50%-ы анықталады.

Енді «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» мобильді қосымшасында сергек пен ЖБО-ның мәліметтері бірден көрсетілетін болады. Ол жол ережесін бұзатын көлік жүргізушілерін жылдам анықтауға мүмкіндік береді.

Полиция қызметкерлері планшеттер арқылы жүргізушінің қазіргі орны туралы мәліметті көре алады. Оның ішінде көлікті жалған нөмірмен басқаратын жүргізушілер, техникалық байқаудан өтпеген немесе сақтандыру полисінсіз көлік жүргізгендер, оларды ұстау қажеттілігі туралы ақпарат түскен жүргізушілер, 10 минут ішінде екі немесе одан да көп жол ережесін бұзғандар туралы мәліметтер бар. Полиция қызметкері “қауіпті жүргізуші” туралы ақпаратты алып, апаттың алдын алу шараларын қабылдайды.

– Бұл планшеттер патрульдік полиция қызметкерлерінің қызмет барысында ақпараттарға колжетімділігін арттырады. Көлік жүргізушінің де, полиция қызметкерлерінің де уақытын үнемдеуге септігін тигізеді. Басты артықшылығы – айыппұл туралы ақпарат дереу ІІМ деректер базасына түседі. Сондай-ақ, бағдарлама бұзудан қорғалған. Планшеттер ұялы байланыс операторларының бірінің арнайы арнасы арқылы мәліметтер базасымен байланыс орнатады. Ал полицейлер бағдарламаға кіріп, хаттаманы жоя алмайды , – деді, Атырау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Берік Амангелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру