Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының ПД-да мерекелерге арналған бірқатар іс-шара өтті

Қостанай облысының ПД-да мерекелерге арналған бірқатар іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ардагерлердің құрметіне ұйымдастырылған салтанатты іс-шара Ұлы Отан соғысы жылдарында және бейбіт уақытта ІІБ-нің қаза тапқан қызметкерлерін еске алу ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Соғыста қаза болған жандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков ардагерлер мен жеке құрам алдында сөз сөйлеп, соғыс жылдарында қазақстандықтардың ерлік пен батырлық көрсеткенін атап өтті.

– Бір миллионнан астам адам майданға жіберілді, олардың жартысы оралмады. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін біздің 500 отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері өткеннің даңқты дәстүрлерін қастерлеп, құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі қызметтік және азаматтық борышын абыроймен атқаратынына сенімдімін, – деп атап өтті полиция полковнигі.

Мерекеге орай облыстың үздік полицейлері марапатталды. Полковниктер Елена Васильева, Болат Шубаев және подполковник Алмат Хамитов «Жалпы әскери тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталды. Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасымен тергеуші Ладо Бекмұхамбетова, учаскелік инспектор Ақдылбек Ашуханов және ЖҚАЖ взвод командирі Нармахан Керімбаев марапатталды.

«ІІМ құрметті ардагері» төсбелгісімен Валерий Герок, Рамазан Нұрғалиев марапатталды.
Ардагерлер үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру