Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Майданда зеңбірек атқан математик

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД басшылығы майдангердің шаңырағына барып, құрмет көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ерлік ешқашан ескірмейді! Мәңгілік жауынгерлердің ерлігі, өрлігі ұрпақ жадында! 9 мамыр – Жеңіс күнінде Жамбыл облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Нияз Рыспаев бастаған жеке құрам Б. Момышұлы атындағы Жеңіс паркінде Ұлы Отан соғысында ел үшін от кешкен майдангерлердің рухына тағзым етті.


​Мерекеге орай Ұлы Отан соғысының ардагері Генадий Ивановтың шаңырағына барып, майдангерге құрмет көрсетті.

- Жас ұрпақ сіздердің ел тыныштығы жолындағы жасаған ерліктеріңіз үшін бас иеді! Қан майданда қиян-кескі шайқастарда көрсеткен өр рухтарыңыз өлмейді, - деп Нияз Рыспаев 96 жастағы ардагерге сый-сияпатын ұсынды.

​Генадий Иванов қан майданға небәрі 18 жасында аттанған. 1945 жылы Жеңіс күнін батыста қарсы алып, елге оралған. Ардагер І Украина майданының 917 әскери бөлімінің 350-ші атқыштар полкінің зеңбіректі-артиллериясы сапында шайқасқан. Елге оралған соң мектепте математикадан сабақ берген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру