Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері марапатталды
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы 23 – маусым Қазақстан полициясының 30 жылдығын салтанатты түрде атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz
Салтанатты іс-шараны ашқан Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Руслан Уразбаев ҚАЖ қызметкерлерінің деніне саулық, отбасыларына амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріне сәттілік тіледі.
Мерекелік шарада Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің дамуына үлес қосып, басшылық қызметте болған Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ардагерлер кеңесінің мүшелері сала ардагерлерінің еңбегі қалыс қалмады. «Қазақстан Полициясына – 30 жыл» төсбелгісі 1994-1997 жылдар аралығында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы қызметін атқарған запастағы ішкі қызмет полковнигі Асылбек Қуановқа, 2010-2011 жылдар аралығында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы қызметін атқарған запастағы әділет полковнигі Куаныш Нұрписовқа, 2018-2019 жылдар аралығында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы қызметін атқарған запастағы әділет полковнигі Мирбулат Куписовқа, сондай-ақ Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы әділет подполковнигі Сақыткерей Баймағамбетовқа, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығының орынбасары Бақытжан Илюповқа және 2021 жылы қараша айында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/1 мекемесінде іздеуде жүрген сотталған Нұржановты ұстау кезінде қырағылық танытып, қызметтік міндеттерін адал атқарған Ақтөбе облысы Полиция департаментінің №1 қалалық полиция бөлімінің жедел уәкілі Ержан Шанбаевқа табысталды.
Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, қызмет атқару барысында жақсы көрсеткіштері үшін және Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай Әділет майоры арнайы атағы мерзімінен бұрын Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Шалқар аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Ақгүл Аймбетоваға және атқаратын лауазымынан бір саты жоғары Әділет подполковнигі арнайы атағы Хромтау аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Ерболат Есенжоловқа берілді.
«Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен КА-168/1 мекемесінің тергеу изоляторы бастығының жалпы сұрақ жөніндегі орынбасары Жұбаныш Алдажаров, «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен ҚАЖ департаментінің пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы Азамат Наукенов марапатталды.
ҚР ІІМ грамотасымен Ақтөбе қаласының Астана ауданының пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Альбина Аймағамбетова марапатталса, КА-168/1 мекемесінің режим және күзет бөлімнің аға бақылаушысы Сансызбай Көнекбаевқа ҚР ІІМ-нің алғысы, ал ҚАЖ комитетінің алғысы КА-168/2 мекемесінің арнайы есеп бөлімінің әділет майоры Асылбек Арықбаевқа және Ақтөбе қаласының Астана ауданының пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Егенов Әлібекке берілді.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысы әкімінің алғыс хатымен бір топ ҚАЖ қызметкерлері марапатталды.
Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, Қылмыстық-атқару жүйесі саласының имиджін көтеруде және дамуына зор үлес қосып жүргені үшін Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының алғыс хатымен департаменттің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Мұқашовтың алғыс хатымен департаменттің жетекші маманы Гаухар Абинова марапатталды. ҚАЖ қызметкерлерінің көңілін марқайтып, мерекелік көңіл-күй сыйлаған іс-шарада сөз алған ҚАЖ саласының ардагерлері бүгінгі атаулы мерекемен ҚАЖ қызметкерлерін құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Салтанатты шара соңында қатысушылардың назарына Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті ұжымының күнделікті қызметі бойынша дайындалған бейнеролик ұсынылды.