Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында ұсақ бұзақылық жасаған 5 жасөспірім анықталды

Ақмола облысында ұсақ бұзақылық жасаған 5 жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының аумағында 27-29 маусым аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Ювеналдық полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын сату, жасөспірімдердің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайлардан тыс жерде болу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауға тартатын адамдарды анықтау фактілерін анықтайды.

Мәселен, өткен кезеңде полиция қызметкерлері 148 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 107 кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болу фактілері, 7 кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдіктерді ішу фактілері, 5 – жасөспірімдердің ұсақ бұзақылық жасау фактілері. Спирттік ішімдіктерді заңсыз өткізгені, кәмелетке толмағандарға темекі бұйымдарын сатқаны және кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 10 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тұрғылықты жері бойынша 400-ден астам қолайсыз отбасы тексерілді, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 15 заңды өкіл жауапкершілікке тартылды.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына құқық бұзушылықтың алдын алу саласында туындайтын мәселелер бойынша құқықтық және консультативтік көмек көрсетеді, бейтаныс адамдармен мінез-құлық, судағы, жолдардағы және демалыс орындарындағы қауіпсіздік қағидалары түсіндіріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру