Қостанай облысының полициясында жаңа форматта кадрлық тағайындаулар өтті
Қостанай облысының полициясында жаңа форматта кадрлық тағайындаулар өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл туралы Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков мәлімдеді
- Бүгін Қостанай облысының ПД азаматтарды қабылдау және кадрлық тағайындауларды жаңа форматта өткізді, - деп атап өтті Ерлан Омарбеков.
Қабылдауға облыстың және басқа өңірлердің 13 тұрғыны жүгінді. Өтініштер негізінен қылмыстық істерді тергеуге қатысты болды. Барлық фактілер бойынша тапсырмалар беріліп, істер бақылауға алынды.
- Кадрлық тағайындауларға келетін болсақ, бүгінде олар бейнеконференц байланыс арқылы өтеді. Мұндай жұмыс форматы тұрақты болады. Жаңадан тағайындалған қызметкерлерге жаңа лауазымдардағы негізгі міндеттер жеткізілді, - деді ПД бастығы.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, кадрлық рәсімдерді оңайлату, оларды автоматтандыру, көптеген мәселелерді қашықтан шешу – мұның бәрі маңызды процестің құрамдас бөлігі – ішкі рәсімдерді бюрократизациялау және оңтайландыру.