ҚР ІІМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы солтүстікқазақстандық полицияның жұмысымен танысты
ҚР ІІМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы солтүстікқазақстандық полицияның жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахым Ошақбаев Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің және қалалық полицияның басшылығымен, жеке құрамымен кездесті. Халықпен өзара іс-қимылға, жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің қызметіне, есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа және басқа да қызметке қатысты сұрақтар қаралып, талқыланды. СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновпен және жеке құраммен бірге кездесуге СҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы Жарасбай Сүлейменов, СҚО ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның мүшелері және «Азаматтық альянс» өкілі қатысты.
Рахым Ошақбаев полицейлерге ел көлемінде полиция жұмысы саласында қоғам белсенділерінің жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады. Басқа өңірлердің мысалында полиция жұмысының сервистік моделін енгізу тәжірибесі туралы айтып, нашақорлықтың алдын алуды күшейту жөніндегі бағыттарды атап өтті, сондай-ақ халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін қазіргі заманғы полицейлердің жұмысында туындайтын проблемалық сәттермен бөлісуді ұсынды.
Солтүстікқазақстандық полицейлер ұсыныстармен бөлісіп, ІІМ Қоғамдық кеңесінің төрағасына сұрақтар қою мүмкіндігін белсенді пайдаланды. Полицей мамандығының имиджін көтеру, жеңілдіктермен қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді, сондай-ақ әлеуметтік салаға қатысты басқа да мәселелер айтылды. Рахым Сәкенұлы әрбір мәселені мұқият тыңдап, оларды назардан тыс қалдырмауға және болашақта ескеруге уәде берді.
Жеке құраммен кездесуден кейін Рахым Ошақбаев қызметтік тұрғын үймен біріктірілген № 4 учаскелік полиция пункті кеңсесінің ғимаратында болып, Александр Винокуров атындағы спорт сарайының жанында орналасқан стационарлық полиция бекетінің жұмысына өз бағасын берді.
Сондай-ақ, ІІМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы СҚО Полиция департаментінің музейіне де бас сұғып, өңір полициясының тарихымен танысты.