Жетісу облысында «Шырша» профилактикалық іс-шарасы басталды
Жетісу облысында «Шырша» профилактикалық іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасы бойынша бақылауды күшейтті. Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, сондай-ақ оларды базарларда және басқа жерлерде заңсыз сату фактілерінің жолын кесуге ерекше назар аударылады.
Облыс аумағында полицейлер мен табиғатты қорғау органдарының қызметкерлері арасынан мобильді топтар жұмыс істей бастады. Бірлескен рейдтер тәулік бойы жүзеге асырылады.
– 15 желтоқсанда басталған «Шырша» профилактикалық іс-шарасы қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу деректерінің жолын кесуге бағытталған, – деді Табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.
Қылқан жапырақты ағаштарды сатып алу, қайта сату және оларды дайындау көзін белгілей отырып, оларды тасымалдаудың заңдылығы тексерілетін арнайы бекеттер автожолдарда жұмыс істейді. Алдын алу шарасы жаңа жылдық мерекелерге дейін жалғасады.