Маңғыстау облысында жергілікті тұрғыннан қару тәркіленді
Маңғыстау облысында жергілікті тұрғыннан қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №43 мекемесінің жедел ақпараты бойынша жергілікті тұрғыннан қару табылды. Бұл №43 мекемесінің жедел тобының қызметкерлері облыстық ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында анықталды.
20 ақпан күнісағат 23:30 шамасында Ақтау қаласының 22 шағын ауданда қызметкерлер күдіктіні ұстап, одан қару табылды. Қызметкерлер ұсталған азаматтың сөмкесінен 1 дана шолақ мылтық пен 2 дана оқ-дәріні тәркіледі.
Аталған дерек Ақтау қаласы ПБ сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігіне (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес тіркелді.
Қажетті сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.