Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ірі мөлшерде темір ұрлаған тұрғын ұсталды

Қызылордада ірі мөлшерде темір ұрлаған 33 жастағы тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне қала тұрғыны ұрлық фактісі жайлы арызданған. Тексеру барысында белгісіз біреулер қоймасынан электр құралдары және темір сымдарын ұрлап кеткені белгілі болды. Жәбірленушіге 1,2 млн теңге көлемінде залал келтірілген.

Жедел-іздестіру шараларының барысында осы ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта ол Қызылорда қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру