Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының бас полицейі ІІО ардагерін 70 жылдық мерейтойымен құттықтады

Ақтөбе облысының бас полицейі ІІО ардагерін 70 жылдық мерейтойымен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әділғазы Өтегенов өмірінің 20 жылын ішкі істер органдарында қызмет етуге арнады. Өзінің енбек жолын 1974 жылы бастап, ұзақ уақыт қатардағы және басшы құрам дағы әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

23 ақпан күні Ақтөбе облысы ПД бастығы Абай Жусупов ардагерді 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. Жас полиция қызметкерлерін тәрбиелеуге көмек көрсеткені, сондай-ақ ардагерлер кеңесінде белсенді жұмыс істегені үшін және мерейтойға орай Абай Жусупов мерейтой иесіне “ІІМ органының құрметті ардагері” төсбелгісін және Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың атынан Алғыс хатын табыстап, ардагерді мерейтойымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, бақыт және отбасылық амандық тіледі.

– Оның өмірлік қуаты мен оптимизмі нағыз құрметке лайық, ал беделі мен кәсіби тәжірибесі жас полицейлер үшін бағдар болып табылады, – деп атап өтті ПД бастығы Абай Жусупов.

Ардагер әріптестеріне құттықтаулар мен сыйлықтар үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру