Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мешіт маңындағы көліктен телефон ұрлаған елорда тұрғыны құрықталды

Мешіт маңындағы көліктен телефон ұрлаған елорда тұрғыны құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы ПД Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында ер адам түнгі сағат 23:00 шамасында Қабанбай батыр даңғылындағы мешітке келгені анықталды. Мешіт тұрағынан өтіп бара жатып, терезесі жартылай ашық қалған Daewoo Gentra автокөлігін байқаған. Көлікке жақындап келіп, ішінде ешкім жоқ екеніне көз жеткізген күдікті, автомобильдің салонына заңсыз кіріп, IРhone 13 телефонын ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі – 600 мың теңге.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ер адамның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға көліктен шығарда сақ болуды, барлық есіктер мен терезелердің сенімді жабылғанын тексеруді ескертеді, сонымен қатар автокөліктің салонында құнды заттарды қалдырмауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру