Қостанай облысында есірткіге қарсы ең үздік бейнеролик анықталды
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған айлықтың аясында Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорымен бірлесіп «Есірткіге қарсы үздік бейнеролик» байқауын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 бала өз жұмыстарын қазылар алқасының қарауына жіберді. Әлеуметтік роликтің негізгі қағидасы есірткі заттарының адам психикасына қалай әсер ететінін, ағзаға тигізер зияны, есірткінің әсерінен адамның қалай өзгеретінін көрсету болды.
Кейбір бейнелерде авторлар заңсыз заттармен байланысқа түсудін салдарын көрсетті. Басқа жұмыстар есірткіні қолданудың алғашқы тәжірибесі де өлімге әкелуі мүмкін деген ескертулермен профилактикалық сипатта болды.
– Жастар қоғамдағы есірткінің зияны мен оларды қабылдаудың салдары сияқты маңызды тақырыпта түсірілімге өте шығармашылықпен қарады. Жастардың өзі бұл деректі түсініп, осындай бейнебаяндардың көмегімен есірткіге қарсы күресте профилактикаға өз үлесін қосатыны маңызды, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД ЕҚҚІҚБ аға жедел уәкілі Айгүл Ерадилова
Ұсынылған барлық бейнелер қызықты болды. Сондықтан қазылар алқасына жеңімпаздарды таңдау қиынға түсті. Байқау қорытындысы бойынша І орынды Диана Иманбаева, ІІ орынды Анастасия Демчишина, ІІІ орынды Альмира Даненова иеленді.
Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді. Олар әрбір бастаушы бейнеографка пайдалы болады: сымсыз құлаққаптар, смартфонға арналған сақиналы шамы, селфи таяқшасы, сонымен қатар байқаудың әрбір қатысушысына «Есірткіге жоқ» деген жазуы бар футболкалар мен бейсбол қалпақтары табысталды.
Айта кету керек, полицейлер әлеуметтік желілерде жеңімпаздардың бейнелерін жариялайды.