Алаяқтар ақмолалық тұрғынның атына 2,3 млн теңгеге несие рәсімдеген
Ақмола полицейлері қарт адамның өтініші бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 шілде күні Шортанды ауданының полиция кезекші бөліміне Дамса кентінің 64 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті. Егде жастағы ер адам 2023 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында оның атына белгісіз тұлға Halyk Bank-те 1,3 млн теңге сомасына несие және Kaspi Bank-те 1 млн теңгеге тауарлық несие рәсімдегенін айтты. Залалдың жалпы сомасы 2,3 млн теңгені құрады.
Аталған дерекке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер телефонға тек жәбірленушінің жиені ғана кіре алатындығын анықтады.
Нәтижесінде полицейлер 40 жастағы ер адамды анықтады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлі оның қатысуын тексеріп жатыр.
Полицейлер тағы да өздерінің жеке және құпия деректерін құпия сақтауға, телефондардан құпия сөздерді, пин-кодтарды, банк картасының артқы жағындағы CVV-кодтарды, sms-хабарлама арқылы келетін біржолғы кіру кодтарын ешкімге сенбеуге кеңес береді.