Қостанайлық полицей тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зәбір көрген тұрғынға көмектесті
Облыс орталығының тұрғыны ұзақ уақыт шешімін таба алмай жүрген мәселені шешуде көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әйел қиын өмірлік жағдай туралы учаскелік полиция инспекторы Даниил Бохановтың атына алғыс хатта айтты. Ол ұзақ уақыт бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында болған. Бірақ ешқайда көмек сұрап бармаған.
– Бұл жиі болады. Отбасылық мәселені сыртқа шығарғым келмеді. Бірақ шыдамдылық таусылған сәт келді. Кезекті жанжалдан кейін мен учаскелік полиция қызметкеріне жүгіндім, – деді облыс орталығының тұрғыны.
Учаскелік полиция дереу шара қолданды, құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартыла отырып, бес тәулікке қамауға алынды.
Полиция қызметкері қазіргі уақытта әйелге психологиялық көмек алу үшін осындай жағдайларда қайда жүгінуге болатынын айтты. Қазіргі таңда оған қажетті психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
Енді оның айтуынша, ол немерелері тәрбиеленіп жатқан отбасындағы жағдайды түбегейлі өзгертуге бар күшін салады.
Полиция инспекторы Даниил Боханов еңбек өтілі бір жылдан да аз жас қызметкер. Алайда, осы уақыт ішінде ол қызмет көрсетілетін учаскеде халықтың беделі мен сеніміне ие бола алған.