ШҚО-да өзгенің банк картасынан ақша шешіп алған азамат ұсталды
Шемонаиханың тұрғынының картасынан ақша шешіп алған азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шілде айының соңында Шемонаиха ПБ-ға аудан тұрғыны белгісіз адам кешкі уақытта маусым айында жоғалтқан банктік картасынан 120 мың теңгеден астам қаражат шешіп алды деген өтінішпен жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері өтініш берушімен бір кәсіпорында жұмыс істеген 34 жастағы күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады.
Жауап алу кезінде ол бұл әрекетін мойындады. Ұрланған зат ішінара тәркіленді. Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оның санкциясы үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.