Павлодар облысының полицейлері оқушыларға экскурсия өткізді
Павлодар облысының полицейлері оқушыларға экскурсия өткізген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер балаларға арналған пайдалы экскурсия ұйымдастырған. Кемеңгер мектебінің оқушылары құқық қорғау сақшыларына қонаққа барған. Экскурсия кезекші бөлімнен басталып, балалар полициядағы қызмет туралы көбірек білуге, бәрін өз көздерімен көріп, қолданып көруге қызығушылық танытқан. Олар оқ өтпейтін жилеттің, полиция қызметкерінің дулығасының салмағын біліп, тіпті киіп көрген.
Экскурсия барысында тәртіп сақшылары полицияның қандай жағдайларда қол кісенін, дене күшін, оның ішінде ұрыс әдістерін, атыс қаруын қай кезде қолдануға рұқсат етілетінін айтқан.
Бөлімнің криминалисті Қанат Қашенов өзінің еңбек күндері туралы айтып берген. Ол жас қонақтарға ұсталған адамдардан саусақ іздерін, терлеу іздерін қалай түсіріп алатынын көрсеткен.
Балалар криминалисттің жұмысына қажетті міндетті құралдар туралы – ең алдымен сарапшының ұнтақтары, щеткалары, қолғаптары, сондай-ақ әртүрлі құралдары мен құрылғылары бар арнайы чемодан туралы білді. Сондай-ақ балалар полицейдің фуражкасын және патрульдік қызметкерінің киім-кешегін киіп көрген.
– Бүгінде полиция халық үшін барынша ашық және азаматтарға сервистік қызмет көрсетуге және халықпен тұрақты ынтымақтастықта болуға дайын. Полиция жұмысының сервистік моделі аясында осындай экскурсиялар балалардың полиция жұмысы туралы түсінігі болуы үшін өткізіледі, – деді Павлодар аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Есенбек Аққазенов.