Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ҚАЖД мекемесінде сотталғандарға кинотерапия жүргізілді

СҚО ҚАЖД мекемесінде сотталғандарға кинотерапия жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеке тұлғаның психикалық ерекшеліктерін тану, дамыту, анықтау, проблемаларды шешу және қарым-қатынас орнату мақсатында № 48 мекемеде сотталғандарға кинотерапияның бірнеше сессиясы өткізілді.

Кинотерапия – арт-терапия бағыттарының бірі. Бұл әдіс жайлы атмосферада өзін-өзі танудың шығармашылық және қызықты процесісотталғандардың фильмдерді қарауынан және кейін оларды психологиялық топтың қызметкерімен талқылаудан тұрады.

Көбінесе жиналғандар шетелдік, ресейлік және қазақстандық өндірістің танымал толық метражды және қысқа метражды кинокартиналарын көреді.

Қарап шыққаннан кейін сотталғандар кейіпкерлердің тәжірибелері мен іс-әрекеттерін талдайды, өз көзқарастарын білдіреді, белгілі бір жағдайда не істейтіндерімен бөліседі, мақсат қоюды және оларға қол жеткізуді үйренеді. Әрі қарай, психолог естігендерін, топ мүшелерінің айтқанын қорытындылайды, сонымен қатар фильмде ашылған сезімдер мен мәселелер туралы айтады.

– Бұл әдісті қолдану сотталғандардың психоэмоционалды жағдайына, өзін-өзі бағалауына және коммуникативті қасиеттеріне оң әсер етеді. Фильмдер топ үшін анықталған тапсырмаға байланысты алдын ала таңдалады. Бұл тәуелді мінез-құлықты түзету және алдын алу, босатуға дайындық, агрессивтілікті төмендету, манипуляцияларға қарсы тұру және т.б. болуы мүмкін, – дейді жедел бөлім бастығы Қуандық Болатұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру