Заң бұзушылықтары үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды
Павлодар облысында заң бұзушылықтары үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мұндай жазаны төрт павлодарлық «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде полицейлер анықтаған түрлі бұзушылықтар жасағаны үшін сот шешімімен алды.
– Іс-шара полицияда есепте тұрған адамдардың құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында өткізілді. Рейд барысында 577 есептегі тұлға тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Мысалы, «Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған» ретінде есепте тұрған қала тұрғыны мас күйде ұсталды. Ер адам өзінің тәртібімен белгіленген шектеулерді бұзып, ол үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар қаласының солтүстік ПБ бастығының бірінші орынбасары Ренат Шәріпов.
Әкімшілік қадағалауда тұрған павлодарлықтың отбасылық-тұрмыстық саладағы бұзушылығының да жолы кесілді. Ер адам ұрғаны үшін жазаланды, сот 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды. Тәртіп сақшылары отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін белгіленген қорғау нұсқамаларын бұзғаны үшін 6 азаматтың сотталғанын хабарлады. Сот оларды 10 тәулікке әкімшілік қамауға алды.