Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Туған жерге мың алғыс. Қарағанды колониясындағы сотталғандар челлендж өткізді

Алғыс айту күніне орай Қарағанды колониясындағы сотталғандар «Туған жерге мың алғыс» челленджін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандар эстафетаны өздері шығарған өлеңдерімен басқа сотталғандарға жолдады. Өлеңде сотталғандар елге, Отанға, анасына және жақындарына алғыстарын білдірді.

– Алғыс айту күні қарсаңында сотталғандар өздерінің туыстары мен жақындарына, аналары мен жұбайларына әрдайым қолдау көрсететіндері үшін ризашылығын білдірді, – деп атап өтті №36 мекеме бастығының орынбасары Арман Кошкинов.

Алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, қуанышыңды бөлісе алатын жандардың бар екенін тағы да сезіне алу. Осындай мерекеде ризашылық сезімін ояту сияқты іс-шараларды өткізу сотталғандарды түзетуге және қоғамда одан әрі қайта әлеуметтенуге оң әсер етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру