Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полициясында әйелдер арасында үздік атқыш анықталды

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қостанай облысы гарнизонының қызметкерлері арасында Макаров тапаншасынан оқ атудан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеке біріншілікке 20-дан астам қызметкер қатысты. Әрқайсысы атыс шебінен 25 метр қашықтықта орналасқан нысаналар бойынша 3 сынақ және 10 есепке алынатын оғын атқан.

80 ұпаймен үшінші орынды департаменттің қаржылық қамтамасыз ету басқармасының тағылымдамашысы Сания Нұрбаева иеленді. ПД баспасөз хатшысы Карина Базарбаева 83 ұпаймен екінші орынға ие болды. Қостанай қаласы полиция басқармасының аға жедел уәкілі Анара Мизамбаева 87 ұпаймен үздік атанды.

Турнир жүлдегерлері медальмен және грамоталармен марапатталды.

Жарысты ұйымдастырушылар нәзік жанды полицейлерді көктемнің символы қызғалдақтармен қуантты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру