Екібастұзда полиция тұрғыннан 100 литрден астам заңсыз алкоголь тәркіледі
Екібастұзда полиция тұрғыннан 100 литрден астам заңсыз алкоголь тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарская көшесінің тұрғынынан көлемі 38 литр болатын құты, самогон аппараты, этил спиртінің ерекше иісті, мөлдір сұйықтығы бар 68 пластик бөтелке, жалпы көлемі 106 литр болатын алкоголь тәркіленді.
- Тәркіленген өнім мен құралдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құзыреті бойынша Екібастұз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына берілді, - деді Павлодар облысы ПД Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.