Абай облысы ҚАЖ департаментінде спорттық іс-шара өткізілді
Абай облысы Семей қаласындағы қылмыстық атқару жүйесі департаментінде 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне байланысты арнайы спорттық іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 түрлі спорт түрінен турникке тартылу , кір тасын көтеру және жерден көтерілу бойынша әр топ мүшелері бақ сынасты. Спорттық шараға Абай облысы бойынша 5 команда катысты, әр команда үш адамнан құрылды. Жылда қатардағы қызметкерлерден құралған команда бұл жолы департамент құрамы мен №21 мекеме командасында бастықтың бірінші орынбасарлары тер төгіп, оз күштерін танытты.
Департамент орынбасары Ғалымжан Балтабаев 50-ге жақындап қалған шағында жас та, спортсмен қызметкерлерден оқ бойы озық шығып қалыспай, үздік нәтижелер көрсетті.
№21 мекеме бастығының орынбасары Дархан Бигазиевтің командасы Нурбек Акыбаевпен , Алмас Омарбековпен толығып, нәтижесінде 3 жүлделі орынды иеленді өз командасының намысын қолдан бермей қорғап, өте жаксы нәтижелер көрсетті. №19 мекеме командасы I-орын, ҚАЖ департаменті командасы II-орынды иеленді. Сондай-ақ, жарыста әр спорт түрінен өзін үздік көрсеткен қызметкерлер арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.