Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер үшін психологиялық тренингтер өткізілді

Павлодарда полицейлер үшін психологиялық тренингтер өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жас қызметкерлер мен 35 жасқа дейінгі қызметкерлер моральдық рухты сақтау үшін Павлодар облысы полиция департаментінің инспектор-психологтары “Моральдық рух – табыстың кепілі!” атты интерактивті тренинг өткізді.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен тренингтік сабақтарды өткізу олардың кәсіби қызметінің ерекшелігімен айқындалады. Эмоционалды шиеленісті тудыратын бірқатар жағдайлар бар. Әдетте, олар жауапкершіліктің жоғарылауымен, өмірге қауіп төндірумен, уақыт тапшылығы жағдайында шешім қабылдау қажеттілігімен, күнделікті стресстік жағдаймен байланысты.

Сабақтарда “шөлдегі апат” ойыны, “жаңбырлар”, “молекулалар”, “қоңырау” жаттығулары өткізілді, психологиялық жағдайды жақсартуға, стресстік жағдайларға төтеп беруге дайын болу туралы ұсыныстар берілді.

– Полицейлер командалық тапсырмаларға белсене қатысты, логикалық тапсырмаларға жауап іздеді, жылдамдық пен ептілікпен жарысты, бір-біріне ұйымшылдық, достық қарым-қатынас танытты, – дейді ПД КжТЖБ аға инспекторы, психолог Әсемгүл Шанова.

– Біз жас құрамға моральдық қолдау көрсетіп, қызметкерлерді кәсіби қызметке ынталандырдык, өмірлік тәжірибеден мысалдар келтірдік, жұмыста әдістемелік және практикалық көмек көрсеттік. Лауазымдық міндеттерінің ерекшелігіне байланысты қызметкерлер физикалық, рухани және моральдық күштерді қажет ететін түрлі жедел-қызметтік міндеттерді шешеді. Қызметкерлердің шешілетін міндеттерінің ауқымы кең және алуан түрлі, көбінесе төтенше жағдайларда жүреді. Тренингтік жаттығулар моральдық-психологиялық дайындыққа ықпал етеді, күш-қуаттың қалпына келуіне ықпал етеді, эмоционалдық фонды қалыпқа келтіреді және полиция қызметкерлерінің жұмылдырылуын күшейтеді, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Жандос Орынбаев.

– Тренинг жоғары деңгейде өтті. Аға жолдастар өз тәжірибелерімен бөлісті. Барлығы жағымды эмоцияларға ие болды,– деп бөлісті Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны атты әскер взводының полицей – кавалеристі Жандос Бейсембаев.

Психикалық жай-күйді өзін-өзі реттеу тренингтерін пайдалану қойылған міндеттерді тиімді шешуге ықпал етеді және қызметкерлердің психологиялық сауаттылығын және олардың кәсіби қызметте қажетті психоэмоционалдық тұрақтылығын арттырады-деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру