Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында террористік тұрғыдан осал нысандар тексерілді

Қызылорда облысында террористік тұрғыдан осал нысандар тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес полиция органдары террористік тұрғыдан осал (ТТО) 434 нысанды терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда.

ТТО нысандары қатарына аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық маңызы бар, қауіпті өндіріс орындары, сондай-ақ адамдар көп жиналатын білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласындағы объектілер кіреді.

Полиция қызметкерлері тексеру барысында әр нысанның техникалық нығайтылу деңгейін, сондай-ақ персоналдың террористік қауіп-қатерлерге жедел және дұрыс әрекет ету дағдыларын жан-жақты зерделейді.

Жыл басынан бері Қызылорда облысы полиция департаменті 434 нысанды тексеріп, оның 139-ы талаптарға толық сәйкес келмегені анықталды. Осыған байланысты аталған нысандарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. 155 нысанның басшыларына анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілсе, 140 нысанның талаптарға сай келетіні расталды.

Полиция департаменті басшылығы ТТО нысандарына қатысты тексерулер объектілердің талаптарға толық сәйкестігі қамтамасыз етілгенге дейін жалғасатынын ескертеді. Аталған бағыттағы жұмыстар нысандардың қауіпсіздігін күшейту және терроризмге қарсы тұру шараларын жетілдіру мақсатында жүйелі түрде жүргізіле бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру