Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы ПД қызметкерлері Қарағандыда өткен чемпионатта жеңімпаз атанды

Жамбыл облысы ПД қызметкерлері Қарағандыда өткен чемпионаттан жүлделі оралды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

1-2 тамыз күндері Қарағанды қаласында самбо күресінен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 25 команда құрамында 178 спортшы қызметкер қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Чемпионатқа Жамбыл облысы полиция департаментінің құрамасы да белсене қатысты. Жарыс алдында құрама команда арнайы оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, тыңғылықты дайындықпен барған болатын.

Аталған чемпионатта Жамбыл облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Нұрмұхан Шынтас 71 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды жеңіп алып, чемпион атанды.

Сондай-ақ 88 келі салмақ дәрежесінде осы арнайы жасақтың инспекторы Шерхан Жақсыбеков 3-орынды иеленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру