Полиция қызметкері Nomad MMA бойынша Азия чемпионы атанды
Полиция қызметкері Nomad MMA бойынша Азия чемпионы атанды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы полиция департаментінің қызметкері, спорт пен қызметті қатар алып жүрген Аманжан-Қажы Сағынғалиұлы Nomad MMA бойынша өткен Азия чемпионатында 81 келі салмақ дәрежесінде І орынды иеленіп, чемпион атанды.
16–19 қазан аралығында Астана қаласында ұйымдастырылған байрақты додада ол барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, финалда да жоғары шеберлік танытты.
Айта кетсек, халықаралық деңгейде өткен бұл чемпионатқа 16 елден 800-ге жуық спортшы қатысып, өзара бақ сынады.
Бұл жеңіс полиция қызметкерлері арасындағы спорттық рухтың нығаюына зор үлес қосқан елеулі жетістік.
Қызмет пен спортты үйлестіре білген Аманжан-Қажы Сағынғалиұлының табысы – жас әріптестері үшін үлгі, ал қоғамда салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен серпін беретін маңызды жеңіс.