Абай облысында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жедел шара өтті
8 -12 желтоқсаны аралығында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметінің барлық аумақтық бөлімдері "Шартты түрде" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында пробация қызметкерлері қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрін өтеп жүрген, сондай-ақ сотпен бостандығын шектеу жазасы тағайындалған 500-ден астам тұлғаның тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру жүргізді. Негізгі назар жаза шарттарының сақталуына және құқықбұзушылықтардың алдын алуға аударылды.
Жаза шарттарын бұзған сотталғандарға қатысты қатаңдатылған тәртіп қолданылды.
Іс-шараға 80-нен астам пробация қызметкері тартылып, олар жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау құрылымдарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқарды.
– Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – сотталғандардың заңға бағынуын қамтамасыз ету және мүмкін құқықбұзушылықтардың алдын алу. Біз есепте тұрған әрбір тұлғаға, соның ішінде жаза шарттарын бұзғандарға да назар аударамыз, уақытылы шара қабылдап, олардың қоғамға сәтті бейімделуіне көмектесеміз, – деді Затон ауданы пробация қызметі бастығының орынбасары Ерік Усербаев.
"Шартты түрде" жедел-профилактикалық іс-шарасы бостандығынан айыру орындарында емес, шартты жаза немесе бостандығын шектеу жазасын өтеп жүрген тұлғаларды бақылауды күшейту және Абай облысындағы пробация қызметінің жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында өткізіледі.
