Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО бойынша ҚАЖД мекемесінде ашық есік күні өтті

БҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты №74 мекемеде сотталғандардың туыстары үшін ашық есік күні ұйымдастырылып, олардың өмір сүру жағдайымен танысу мүмкіндігі берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №74 мекемесінде шаруашылық қызмет жасағындағы сотталғандардың туыстары үшін ашық есік күні өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – сотталғандардың жақындарымен әлеуметтік және пайдалы байланыстарды нығайту, мекеменің ашықтық деңгейін арттыру, сондай-ақ туыстарын ұстау шарттары мен тұрмыстық жағдайларымен таныстыру болды.

Кездесу барысында туыстар сотталғандардың өмір сүру жағдайымен танысып, шаруашылық қызмет көрсету жасағының объектілеріне баруға, сондай-ақ мекеме әкімшілігіне сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне және мекеме мен қоғам арасындағы сенімді қатынастарды қалыптастыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру