Қазақстандық полицей әлемдік додадан жүлдемен оралды
Қазақстандық полицей әлемдік додадан жүлдемен оралды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
7-12 сәуір аралығында Таиланд Корольдігінің Бангкок қаласында кикбоксингтен Әлем кубогі өтті. Дүбірлі додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Аталған жарыста Атырау облысының намысын қорғаған полиция қызметкерлері де жоғары деңгейде өнер көрсетті. Солардың қатарында Атырау облысы полиция департаментінің қызметкері, полиция капитаны Гүлбану Саматова ерекше шеберлігімен көзге түсіп, тартысты бәсекеде қарсыластарын артта қалдырды.

Нәтижесінде ол кикбоксингтен Әлем кубогінің І орын жүлдегері атанып, ел абыройын асқақтатты.
Гүлбану Саматованың бұл жеңісі – еліміз үшін зор мақтаныш. Қызмет пен спортты қатар алып жүрген ол өзінің табандылығы мен кәсібилігі арқылы жас ұрпаққа үлгі болып отыр.

