Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Таза Қазақстан" акциясы: Абай облысында 4,5 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Абай облысында "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында қоғамдық тәртіп пен экологиялық тазалықты қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акцияның негізгі мақсаты – елдімекендер аумағын абаттандыру қағидаларын сақтау, инфрақұрылым нысандарын қорғау, жасыл желектер мен қоғамдық кеңістіктерді сақтау, сондай-ақ тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Жыл басынан бері облыс аумағында барлығы 4 660 құқық бұзушылық фактісі тіркелді. Оның ішінде 4 292 жағдай – қалалар мен елдімекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, инфрақұрылым объектілерін бүлдіру және жасыл екпелерді жоюға қатысты. Ал 368 факті ортақ пайдаланылатын орындарды ластаумен байланысты.

Құқық бұзушылықтардың бір бөлігі жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталып, тиісті құқық қорғау органдары тарапынан жедел шаралар қабылданды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, тазалық – тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Сондықтан әрбір тұрғын өз ауласынан бастап тазалықты сақтауға үлес қосуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру