Көліктегі полиция департаментінде қос мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті
Көліктегі полиция департаментінде қос мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай көліктегі полиция департаментінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, оған басшылық, жеке құрам және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталып, майдан даласынан оралмаған батырлардың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым жасалды.
Мерекелік жиынды ашқан департамент бастығы Абзал Жұматаев жиналғандарды айтулы күндермен құттықтап, аға буынның ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, батыр бабалардың жанқиярлығы — бүгінгі бейбіт өмірдің берік негізі әрі өскелең ұрпаққа үлгі.

Сондай-ақ ол Отан қорғаушылар күнінің мән-маңызына тоқталып, ел қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін жеткізді. Ардагерлердің патриоттық тәрбие берудегі рөліне ерекше назар аударып, олардың тәжірибесі мен өнегесін жоғары бағалады.

Мереке аясында қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін 85 көлік полицейі мен 70 ардагер ҚР ІІМ және көліктегі ПД-ның ведомстволық наградаларымен марапатталды.
Іс-шара мерекелік концертпен қорытындыланды.
