Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жазасын өтеушілер арасында қол күрестен мықтылар анықталды

Төрткүл әлемге "армрестлинг" атауымен кеңінен танылған қол күресі қазаққа да етене жақын спорт түрі. Жазғы спартакиаданың көрігін қыздырған кезекті жарыс Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде өтті. Бұл жолы шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеуші азаматтар білектің күшін ғана емес, төзімі мен тактикалық шеберлігін де сынға салды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қол күресі – қара күшке ғана емес, сабыр мен айлаға, қарсыластың әрекетін дөп бағамдай білуге негізделген спорт. Мұны жақсы түсінген қатысушылар әр белдесуде барын салып, жеңіс жолында аянып қалмады. Нәтижесінде үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапат төрінен көрінді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы марапаттарды мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мирамбек Тұрымбетов табыстады.

– Қол күресіне қатысу арқылы өз күшімді сынап көруге мүмкіндік алдым. Жарыс өте тартысты өтті, әр қарсылас жеңіске лайық болды. Осындай спорттық шаралар адамның жігерін жаниды, тәртіпке баулиды. Жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. Мен үшін бұл жеңіс – өзіме деген сенімнің және спортқа деген қызығушылықтың нәтижесі, – дейді жазасын өтеуші азамат.

АКАӘПТЖББ жасақ бастығы Бабахан Алтынбектің айтуынша, жазғы спартакиада аясындағы спорттық жарыстар алдағы уақытта да жалғасып, қатысушыларға жаңа жетістіктерге ұмтылуға және бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

Мұндай шаралар сотталғандарды қайта әлеуметтендіру ісінде маңызды рөл атқарып, олардың салауатты өмір салтын ұстануына, ерік-жігерін шыңдап, тәртіп пен жауапкершілік қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру